25 маусымда Атырауда Petrocouncil Қазақстан мұнай-газ кеңесі ұйымдастырған PetroHSE 2026 III салалық конференциясы өтті. Іс-шара өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, халықаралық операторлар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктірді.

"QazaqGaz "ҰК" АҚ атынан HSE департаментінің аға менеджері Талғат Уандықов баяндама жасады. Сөз сөйлеу барысында компаниялар тобында іске асырылатын HSE саласындағы цифрлық шешімдер, соның ішінде жеті еншілес ұйымда енгізілген BaQylau корпоративтік платформасы ұсынылды. 

Сондай-ақ, конференцияға қатысушыларға "Самұрық-Қазына" АҚ қорының қолдауымен іске асырылатын "HSE сарапшы" ЖИ-агентін әзірлеу туралы ақпарат ұсынылды. 

Панельдік сессияға "GPC Investment" ЖШС HSE бөлімінің бастығы Арсен Нұғманов қатысты. Өз сөзінде ол газ өңдеу объектілерін пайдалану кезінде неғұрлым заманауи экологиялық шешімдердің бірі болып табылатын жабық үлгідегі алау технологиясын енгізуді қоса алғанда, Қашаған ГӨЗ жобасында іске асырылып жатқан экологиялық қауіпсіздік саласындағы шешімдерді ұсынды.

Ашық алау жүйелерімен салыстырғанда бұл технология газдың толық жануын қамтамасыз етеді, ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға көмектеседі, сондай-ақ шу деңгейін және қоршаған ортаға жарық әсерін азайтады.

Айта кетейік, елімізде алғаш рет ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 24 маусымдағы бұйрығымен жабық үлгідегі алаулардан эмиссиялар нормативтерін есептеу әдістемесі бекітілді, бұл осы технологияны ел аумағында қолдану үшін нормативтік негіз болады.