Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстанға жұмыс сапарының аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жоғары деңгейде екіжақты кездесу өтті.
Кездесу аясында газ саласындағы перспективалар талқыланды. Іс-шараға «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.
Газ саласындағы серіктестікту кеңейту, нақты айтқанда, Қазақстан тарапының шетелдік серіктестермен бірге Галкыныш кен орнын игеру жобасына қатысу мәселесіне мән берілді.
Кездесу соңында тараптар екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға және газ саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады.
Айта кетейік, 2024 жылдың қазан айында Мемлекет басшысының Түрікменстанға сапары барысында «QazaqGaz» ҰК АҚ мен «Түркіменгаз» геологиялық барлау саласындағы стратегиялық келісімге қол қойған болатын.