Алдағы жылыту маусымында газбен жабдықтауды үздіксіз және апатсыз қамтамасыз ету мақсатында QazaqGaz компаниялар тобы газ тасымалдау жүйесі мен газ тарату инфрақұрылымының объектілерін қыс мезгіліне дайындаудың кешенді іс-шараларын жүзеге асыруда.

Бұл жұмыстарға еншілес компаниялардың жетекші техникалық қызметтері жұмылдырылып, күзгі-қысқы кезеңге дайындықтың тиісті іс-шаралары жоспарға сай барлық өңірлерді қамтып отыр. «QazaqGaz Aimaq» компаниясының мамандары келесі жұмыстарды атқаруда: 

  • 1 777 газ тарату пунктін жөндеуден өткізу, 
  • 183 455 шкафты және блокты газ реттеу пунктерін жөндеу, 
  • 114 591 ажыратқыш құрылғыға техникалық қызмет көрсету, 
  • 1 727 электрохимиялық қорғаныс құралдарын жөндеу, 
  • 1 781 400 метр газ құбырларын арнайы аспаппен тексеру жұмыстары.

Қазіргі уақытта газ тарату желілері мен газ жабдықтарының дайындық деңгейі 41% құрайды. 

Сонымен қатар, «Интергаз Орталық Азия» компаниясының мамандары да  магистральдық газ құбырларын ауқымды тексеруден өткізуде. Атап айтсақ, «Атырау» ГРС-1 газ құбырын бұру бағытындағы ақаулы 61 құбыр, «БГР–ТБА» магистралды газ құбырының екінші желісіндегі 13 құбыр, «Газли-Шымкент» магистралды газ құбырының бойындағы 141 құбыр, сондай-ақ «Ақшабұлақ-Қызылорда» магистралды газ құбырының учаскесіндегі 13 құбыр ауыстырылды. «Союз» магистральдық газ құбырының бойындағы ақаулы құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 

Биыл «Орынбор–Новопсков», «Қарталы–Рудный», «Амангелді КС-5» магистральдық газ құбырларының учаскелеріндегі құбырларды ауыстыру жоспарланған. 

2025 жылы магистральдық газ құбырларының желілік бөлігіндегі 250 ақаулы жерді қалпына келтіру жоспарланған, оның 228-і бойынша жұмыстар аяқталды. Ресей газын Өзбекстан Республикасына тасымалдау жобасы аясында «САЦ» газ тасымалдау жүйесінің нысандарында да жұмыстар жүргізілуде. 

Барлық іс-шараларды аяқтау және QazaqGaz тобына кіретін компаниялар объектілерінің күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспорттарына қол қою жұмыстары алдағы қыркүйек айына жоспарланып отыр.