Аталған құжаттың арқасында тараптар машина жасау жасау саласындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп атқарып, ұлттық компанияның сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыруды көздейді. Сондай-ақ, отандық машина жасау саласын қолдау мақсатында, Ұлттық компания Ақмола облысында орналасқан анодты электрохимиялық қорғаныс өндіретін зауытпен офтейк-келісім жасады.
“Біз қазақстандық машина жасаушыларды қолдаймыз және Қазақстан машина жасаушылар одағымен жасалған келісім аясында басқа өндірушілермен жұмыс істеуге дайынбыз. QazaqGaz жергілікті қамту үлесін ұлғайту және өндірісті оқшаулау бағытында жұмыс істеуде. Бұл орайда бізге Одақ басшылығы көмектесуде”,-дедi Санжар Жаркешов.
Келісімнің тағы бір басымдығы қазақстандық ғылымды коммерцияландыру және газ саласына соңғы ғылыми әзірлемелерді енгізу болмақ. Ұйымдар QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы негізінде ынтымақтастық орнатуға дайын.