«QazaqGaz» Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов АҚШ-қа сапары аясында Baker Hughes компаниясымен ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды.

Тараптар Baker Hughes технологияларын Қазақстанда қолдану, сондай-ақ QazaqGazдың техникалық мамандарын шетелде Baker Hughes оқу орталығында энергетика және газ тасымалдау бағыттары бойынша оқыту жолында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Сонымен қатар, тараптар газдан электр энергиясын өнеркәсіптік өндіру, сондай-ақ соңғы технологияларды пайдалана отырып, көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту үшін кәсіби инженерлік шешімдер бағытында тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Бұл ретте сервистік келісім-шарт аясында халықаралық компания жеткізіп жатқан жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді оқшаулау мүмкіндігі қарастырылуда.

Ұлттық компания газ компрессорлық қондырғылары мен басқару, соның ішінде вибромониторинг жүйесіне мамандарды QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы базасында даярлауға мүдделі.

Baker Hughes (NASDAQ: BKR) – бүкіл әлем бойынша энергетикалық және өнеркәсіптік салалар бойынша шешімдерді ұсынатын технологиялық компания.

Компанияның 120-дан астам елде 54 000 қызметкері бар. Компания тапсырыс берушілер үшін технологиялық шешімдерді әзірлейді, өндіреді  және ұсынады. Жетілдірілген толық циклды технологияларының арқасында компания тұтынушылары өнімділікті арттыруға және өз нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік алды.