«QazaqGaz барлау және өндіру» компаниясының кәсіби мамандары арасында  «Үздік маман – 2023» байқауы өткізілді. Бұл жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін іс-шара. Байқаудың негізгі мақсаты - кәсіби шеберлікті жетілдіру, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.  

«Үздік маман-2023» байқауына 19 маман қатысты. Құзыретті қазылар алқасының пікірінше, Камалов Ақылбек газ жинау бойынша үздік оператор болып танылды, Қуатбаев Қадыргелді бұрғылаушының үздік көмекшісі атанды. Олар компаниялар тобы бойынша ұйымдастырылатын дәл осындай байқауға қатысады. 

Жеңімпаздар құттықтау дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бонус ретінде олар жоғары кәсіби шеберлігі үшін тарифтік ставкаға жылдық үстемақы алады. 

Мұнай-газ саласы жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және өндірістік және еңбек көрсеткіштерін жақсарту – «QazaqGaz Барлау және өндіру» компаниясының басты міндеттерінің бірі.