14-15 мамырда «Амангелді» филиалында «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, қызметкерлердің кәсіби деңгейін және дағдыларын арттыруға ынталандыру, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру.
Айта кетейік, ҚР Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап, еңбекқорлық пен кәсібиліктің маңыздылығын атап өтті.
Байқау «Ең үздік электр монтеры» және «Ең үздік жөндеуші-слесарь» номинацияларында өткізілді. Іс-шараға 10 жөндеуші-слесарь және электр құрылғыларын жөндеу мен қызмет көрсету бойынша 5 электр монтеры қатысты. Байқау 2 кезеңнен тұрды: 1 кезең – теориялық, 2 кезең – практикалық. Комиссия құрамына компанияның ардагерлері шақырылды.
Байқау қорытындысы бойынша «Ең үздік электр монтеры» номинациясында 1-орынды электр құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электр монтеры Ермаханов Жамбыл иеленді, ал «Ең үздік жөндеуші-слесарь» номинациясында 1-орын Исмагулов Рахматуллаға бұйырды.
Өз номинацияларында 1 орын алған байқау жеңімпаздарына «Үздік маман» атағы беріліп, кәсіби шеберлік үшін үстемақы тағайындалды. Сондай-ақ, байқауға қатысушыларға құнды сыйлықтар тапсырылды.