«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Ұлан Бүркітов Амангелді кен орындары тобындағы өндірістік нысандарды аралап көрді.

Жұмыс сапары барысында Ұлан Бүркітов «QazaqGaz» Барлау және Өндіру» ЖШС негізгі активтерімен танысып, өндірістік нысандарды, оның ішінде газды кешенді өңдеу қондырғысын аралап көріп, қауіпсіздік стандарттары мен ережелерінің сақталуын тексерді. Сондай-ақ кен орындарының жай-күйімен танысып, Анабай кен орнындағы №17 ұңғыманың бұрғылау учаскесінде болды. Қазіргі уақытта девондық өнімді горизонт ашылды, 3500 м тереңдікте бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ұлан Бүркітов Амангелді филиалының инженерлік-техникалық қызметкерлерімен кеңес өткізіп, өндірістік тапсырмаларды талқылап, ресурстық базаны кеңейту жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар, ол өндірістік филиалдың басшысы Оспан Махановқа «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның Құрмет грамотасын табыс етті.

Айта кету керек, Амангелді кен орнын өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша үлгілі деп санауға болады. Өнеркәсіптік пайдалану басталғаннан бері нысанда бірде-бір оқыс оқиға тіркелген жоқ.

Амангелді кен орны 2003 жылы пайдалануға берілген. Өңірдегі газ өндіру саласын дамыту үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады.

Салыстырмалы түрде шағын газ қорына қарамастан, кен орны еліміздің оңтүстігінде, Алматы қаласы сияқты негізгі тұтынушыларға жақын орналасқандықтан үлкен маңызға ие. Амангелді тобына сонымен қатар, өнеркәсіптік игеруге берілген Айрақты, Жарқұм және Анабай кен орындары кіреді.