“QazaqGaz” ҰК” АҚ басқарма төрағасының жаңа жобалар бойынша орынбасары Батыржан Тергеусізов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады.
Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 1900 астам адам, 370 құрылыс техникасы жұмылдырылған. Басты назар өнеркәсіптік және өрт сөндіруді қамтамасыз ету және түнгі уақыттағы жұмысты ұйымдастыруға аударылған.
Түнгі ауысымға 95 жуық жұмысшы тартылған.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша прогресс:
- Бүгінгі таңда іргетас құю, металл конструкцияларын, құрал-жабдықтарды монтаждау, РВС-5000 және РВС-1000, 600м3 резервуарларын жинау жұмыстары жүруде.
- Көлемі 8000м3 резервуар жинағыштың және градирни резервуарларының гидравликалық сынағы аяқталды;
- НВК-1 (12 км аса жерасты құбырлары) гидравликалық сынағы аяқталды;
- іргетастарды қалау, металл конструкцияларын монтаждау, технологиялық құрал-жабдықтарды орнату, сондай-ақ, РВС-5000, РВС-1000 типті темір резервуарларын жинау жұмыстары жүруде;
- НВК-2 инженерлік желілерін жүргізу жұмыстары жалғасуда;
- Вахталық қалашықтың 2 әкімшілік ғимаратында төбе жабу жұмыстары жүруде. 140 және 132 орынға арналған GPCI-дың вахталық қалашығының ішін бөлу жұмыстары жүруде.
Басты жұмыстар бойынша көрсеткіштер:
- Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетастарын құю бойынша бетон жұмыстары: 50 238 м³ (прогресс 67%)
- Металл конструкцияларының монтажы: 3 686 тонна (18,2%)
- Механикалық құрал-жабдықтың монтажы: 4019 тонна (41,6%)
- Резервуарларды монтаждау: 807 тонна (29,8%)
- Жерасты құбырларының монтажы: 16 592 м (40,9%)
«QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығы құрылыстың барлық кезеңдерінде белгіленген мерзімдер мен сапа стандарттарының сақталуын қамтамасызете отырып, жобаны іске асырудың жүйелі мониторингін жалғастырады.