«QazaqGaz» ҰК» АҚ күрделі құрылыс және жаңа жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары Батыржан Тергеусізов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады. Жиналысқа GPCI компаниясының профильді мамандары менмердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында мердігерлер құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы өзекті ақпаратты ұсынды және ағымдағы жылдың соңына дейін жобаның негізгі кезеңдеріне қол жеткізу жоспарлары туралы баяндады. Батыржан Тергеусізов құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына бақылауды күшейтудіөндірістік процестерді оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды және түнгі ауысымдарды қоса алғанда, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына назар аударуды тапсырды.

Анықтама: Құрылыс алаңына 1500-ден астам маман жұмылдырылған. Тікелей персонал саны 1000 асады. Түнгі ауысымда 113 қызметкер еңбек етеді. 346 дана құрылыс техникасы жұмыс істейді. Қауіпсіз еңбек жағдайларына, соның ішінде түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ілгерілеу (ҚМЖ): 

  • Іргетас жұмыстары, металл конструкцияларын, қызмет көрсету алаңдары мен технологиялық конструкцияларды монтаждау жалғасуда;
  • Құбырдың өрт желісін монтаждау, қалыптарды орнату және іргетастарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыртқы инженерлік желілер (НВК-2)бойынша қайта толтыру және топырақ қазу жұмыстары жүргізілуде;
  • РВС-5000,1000 резервуарларында сырлау жұмыстары жүруде;
  • Сфералық резервуарларда дәнекерлеу жұмыстары аяқталды, 10 резервуардың 7-і термиялық өңдеуден өтті;
  • Титулдар мен эстакадаларда металл конструкцияларын монтаждау және сырлау жұмыстары жалғасуда;
  • Вахталық қалашық аумағында кіру топтары, НВК алаңішілік желілері бойынша жұмыстар, электр монтаждау жұмыстары және әлсіз токты желілер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, қабырғаларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер: 

Іргетастарды орнату бойынша бетонжұмыстары: 59 276 м³ (прогресс 77,8%)

Металл конструкцияларын монтаждау: 9 520тонна (47,2%)

Механикалық жабдықты монтаждау: 4 698 тонн (47,9%)

Резервуарларды орнату: 1 863 тонна (92,6%)

Жерасты құбырларын төсеу: 24 933 м (54,2%)

"QazaqGaz" ҰК " АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды кешенді бақылауды жалғастыруда.