“QazaqGaz” ҰК”АҚ жаңа жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары Батыржан Тергеусізов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады. Мердігер компаниялар құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі статусы мен жыл соңына дейін қол жеткізілетін көрсеткіштерге тоқталды.

Батыржан Тергеусізов құрылысты одан әрі жеделдету қажеттігін жеткізді. Өндіріс қарқынын күшейтіп, құрылыс барысын жіті назарда ұстау қажеттігін ескертті. Әсіресе, өрт қауіпсіздігіне аса мән беруді тапсырды. Әсіресе, түнгі ауысымдағы қауіпсіздікке назар аударылды. 

Бүгінгі таңда құрылыс алаңында 2000-нан астам маман жұмыс істейді, оның 1428 тікелей персонал. Түнгі ауысымға шамамен 167 қызметкер тартылған. Құрылыс алаңында 360 жуық техника жұмыс істейді. Негізгі назар қауіпсіздік техникаларына аударылып отыр. Әсіресе, түнгі ауысым кезіндегі қауіпсіздік шаралары басты назарда. 

Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша ілгерілеу:

  • Түтін құбырларын орнату аяқталды;
  • Іргетастарды бетондау, металл конструкциялар мен қызмет көрсету алаңдарын монтаждау және сырлау, технологиялық жабдықтарды орнату, сондай-ақ РВС-5000 типті резервуарларды және көлемі 600 м3 сфералық резервуарларды құрастыру бойынша жұмыстар орындалуда;
  • Сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде (НВК-2).
  • GPCI вахталық қалашығында әкімшілік-тұрмыстық кешені және 140 және 132 орындық екі жатақханада шатырды монтаждау аяқталды. Тұрақты вахталық қалашықтың құрамына кіретін 140 және 132 орындық жатақханалар мен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарында ішкі бөлімдерді орнату және электромонтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіш:

  • Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 54 603 м3 орындалды (прогресс 72%)
  • Металл конструкцияларын монтаждау: 4 630 тонна (22,9%) 
  • Механикалық жабдықты монтаждау: 4 348 тонна (44,6%)
  • Резервуарларды монтаждау: 1 215 тонна (44,9%)
  • Жерасты құбырларын төсеу: 20 453 м (48,4%)

"QazaqGaz" ҰК" АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асырудың кешенді бақылауын жалғастыруда.