«QazaqGaz» ҰК» АҚ күрделі құрылыс және жаңа жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары Батыржан Тергеусізов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады. Жиналысқа GPCI компаниясының профильді мамандары менмердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кеңес барысында мердігерлер құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы өзектіақпаратты ұсынды және ағымдағы жылдың соңына дейін жобаның негізгі кезеңдеріне қолжеткізу жоспарлары туралы баяндады. Батыржан Тергеусізов құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына бақылауды күшейтуді, өндірістік процестерді оңтайландыру жөніндегі жұмыстыжалғастыруды және түнгі ауысымдарды қоса алғанда, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына назар аударуды тапсырды.
Анықтама: Құрылыс алаңына 1500-ге жуық маман жұмылдырылған. Тікелей персонал саны 941-ге жуықтайды. 346 дана құрылыс техникасы жұмыс істейді. Түнгі ауысымда 63 қызметкер еңбек етеді. Қауіпсіз еңбек жағдайларына, соның ішінде түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ілгерілеу (ҚМЖ):
Іргетас жұмыстары, металл конструкцияларын, қызмет көрсету алаңдары мен технологиялық конструкцияларды монтаждау жалғасуда;
Құбырдың өрт желісін монтаждау, қалыптарды орнату және іргетастарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыртқы инженерлік желілер (НВК-2)бойынша қайта толтыру және топырақ қазу жұмыстары жүргізілуде;
Сфералық резервуарларда дәнекерлеу жұмыстары аяқталды, 10 резервуардың 7-і термиялық өңдеуден өтті;
Титулдар мен эстакадаларда металл конструкцияларын монтаждау және сырлау жұмыстары жалғасуда;
№3 тарату қосалқы станциясында сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде;
Вахталық қалашық аумағында кіру топтары, НВК алаңішілік желілері бойынша жұмыстар, электр монтаждау жұмыстары және әлсіз токты желілер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, қабырғаларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде;
Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер:
Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 58 399 м3 (прогресс 76,7%)
Металл конструкцияларын монтаждау: 8 786 тонна (43,4%)
Механикалық жабдықты монтаждау: 4 671 тонна (47,6%)
Резервуарларды орнату: 1 863 тонна (92,6%)
Жерасты құбырларын төсеу: 24 608 м (54,2%)
"QazaqGaz" ҰК " АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды кешенді бақылауды жалғастыруда.