«QazaqGaz» ҰК» АҚ жаңа жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары Батыржан Тергеусізов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады. Іс-шараға GPCI компаниясының профильді мамандары мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Кеңес барысында мердігерлер құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы өзекті ақпаратты ұсынды және ағымдағы жылдың соңына дейін жобаның негізгі кезеңдеріне қол жеткізу жоспарлары туралы баяндады. Батыржан Тергеусізов құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуын бақылауды күшейтудіөндірістік процестерді оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды және түнгі ауысымдарды қоса алғанда, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына назар аударуды тапсырды.

Анықтама: Құрылыс алаңына 2000-ға жуық маман жұмылдырылған. Түнгі ауысымға шамамен 163 қызметкер тартылады. 370-тен астам құрылыс техникасы жұмыс істейді. Қауіпсіз еңбек жағдайларына, соның ішінде түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ілгерілеу (ҚМЖ): 

  • Сыйымдылығы 8 000 м3 жинақтаушы резервуардың, 2 000 м3 градирлік резервуарлардың және сыйымдылығы 5000 м3 су резервуарының гидравликалық сынақтары аяқталды; 
  • НВК-1 (12 км-ден астам жерасты құбырлары) гидросынақтары орындалды; 
  • Іргетастарды бетондау, металл конструкцияларды монтаждау, технологиялық жабдықтар мен қызмет көрсету алаңдарын орнату, РВС-5000 және РВС-1000 типті болат резервуарларды құрастыру, сондай-ақ сфералық резервуарларды монтаждау бойынша жұмыстар орындалуда; 
  • Сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде (НВК-2);
  • GPCI вахталық кентінде 132 және 140 орындық екі жатақханада шатыр монтажы аяқталды, әкімшілік-тұрмыстық кешенде шатыр монтажы жүргізілуде. Жатақхана ғимараттарында ішкі бөлімдерді орнату және электр Монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер: 

  • Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 52 231 м3 орындалды (прогресс 69,4%) 
  • Металл конструкцияларын монтаждау: 3 890 тонна (19,2%) 
  • Механикалық жабдықты монтаждау: 4 104 тонна (42,4%) 
  • Резервуарларды орнату: 841 тонна (31,1%) 
  • Жерасты құбырларын төсеу: 18 374 м (37,9%) 

"QazaqGaz" ҰК" АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды кешенді бақылауды жалғастыруда.