«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Айдын Ақан осы күндері Хьюстонда (АҚШ) өтіп жатқан ірі энергетикалық CERAWeek - 2025 форумына қатысып жатыр. 

Форум барысында Айдын Ақан «Инфрақұрылымдық байланыс: аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» пленарлық отырысында сөз сөйлеп, еліміздің газ көлік инфрақұрылымын дамытудың негізгі міндеттері мен перспективаларын, Қазақстанның аймақтағы транзиттік газ хабы ретіндегі рөлін және көршілес елдердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға ықпалын талқылады.   

Сонымен қатар, энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев бастаған ресми қазақстандық делегацияның құрамында QazaqGaz өкілдері Chevron, ENI және ExxonMobil компанияларымен кездесулерге қатысты. Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.