"QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Жанболат Мирманов Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEХ) және China International Capital Corporation (CICC) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. HKEX делегациясының құрамында листинг комитетінің төрағасы Кристофер Вонг та болды.

Келіссөздер барысында тараптар листинг пен қаржыландыруды тарту үшін Гонконг капитал нарығының мүмкіндіктерін, сондай-ақ алдағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Компанияның жобалары мен стратегиялық міндеттерін қаржыландыру үшін халықаралық капитал нарықтарын пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге ерекше назар аударылды. 

HKEX (Hong Kong Exchanges and Clearing) - Гонконг қор биржасы және Гонконгтың қаржы нарығының операторы. HKEХ арқылы компаниялар акциялар мен облигацияларды орналастыра алады және халықаралық инвесторлардан капитал тарта алады. Азиядағы ең ірі биржалық алаңдардың бірі. 

CICC (China International Capital Corporation) - Қытайдың ірі инвестициялық банкі. Ол инвестициялық банкингпен, қаржыландыруды тартумен, акциялар мен облигацияларды орналастырумен, M&a келісімдерін сүйемелдеумен және компанияларға кеңес берумен айналысады.