Әнуар Асқарұлы, Стэнфорд университетінің (геология және мұнай-газ инженериясы мамандығы), London Business School (MBA) түлегі. 10-нан астам елде (Австралия, Қытай, АҚШ, Үндістан, Колумбия, Әзірбайжан, Мексика) мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру тәжірибесі бар.
Еңбек жолын AgipKCO-да Қашаған кен орнында инженер болып бастап, кейін Қазақойл Ақтөбе және тағы басқа компанияларда әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде геологиялық қызметтің жетекшісі болып жұмыс істеді.
Сондай-ақ, Еуропада, АҚШ-та және Латын Америкасында McKinsey компаниясында мұнай және газ жобалары бойынша серіктес ретінде жұмыс істеді. 2022 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болды.