"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мырзамахмудовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар энергетика секторындағы ағымдағы және перспективалы жобаларды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар өңірдің газ инфрақұрылымының тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін тәжірибемен алмасудың және бастамаларды бірлесіп іске асырудың маңыздылығын атап өтті.