«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов Қашағандағы газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылыс барысын кезекті рет тексерді. Ол зауыт құрылысының мердігері - Kazakh Construction Group компаниясына құрылысты жеделдетуді, кадрлық ресурсты арттырып, аса қажет құрал-жабдықтарға уақытымен тапсырыс беруді тапсырды.
Жұмыстарды жеделдету мақсатында құрал-жабдықтар монтажы екі ауысымда жүріп жатыр. Салмағы 170 тоннаны құрайтын абсорбациялық колонна мен түтін мұржасының ES-0701 екінші қабаты орнатылды. Механикалық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары 15,6% аяқталды. Айта кету керек, құрылыс алаңында қауіпсіздік стандарттарына аса мән берілуде. Бүгінде құрылысқа 1078 адам және 189 дана техника жұмылдырылған.
Қашағандағы ГӨЗ құрылысы жобасы QazaqGaz компаниясының газды өңдеу саласын дамыту және елдің энергетикалық тиімділігін арттыру стратегиясының бір бөлігі болып табылады.