"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Амангелді кен орнында болды. Ол нысандардағы жұмыс барысымен танысып, ресурстық базаны одан әрі ұлғайту жоспарларын талқылады. Кен орындары тобы бойынша өндіру 2026 жылы 350 млн3 жетеді деп күтілуде. 

Сапар аясында ұлттық компания басшысы Амангелді кен орнының вахталық қалашығында болып, өндірістік персоналдың тұратын және еңбекті ұйымдастыру жағдайларын бағалады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік стандарттарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Персонал саны 134 адамды құрайды, оның 40 – инженерлік-техникалық персонал, 94 – жұмысшы.

Сонымен қатар, Әлібек Жамауов "Амангелді"кен орнында газды кешенді дайындау қондырғысына барды. Жабдықты пайдалану тиімділігін арттыру және операциялық тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар талқыланды. Сондай-ақ, 2025 жылы пайдалануға берілген Барханная кен орны тексерілді. Кен орнының қызметкерлері учаскені игеру кезінде қолданылатын технологиялық шешімдер туралы баяндады. 

Сапар қорытындысы бойынша "QazaqGaz Барлау және өндіру" ЖШС қатысуымен геологиялық барлау мәселелеріне арналған кеңес өтті. Қатысушылар іздестіру-барлау жұмыстарының басым бағыттарын, сондай-ақ еліміздегі газ қорларын толықтыру және ресурстық базаны кеңейту жөніндегі міндеттерді талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша өндірістік тәртіпті күшейту, геологиялық барлау іс-шараларын жеделдету және Жамбыл облысының газбен жабдықтау объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.