QazaqGaz басшысы Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысына арналған құрал жабдық өндірісінің барысымен танысты. Өз кезегінде, Санжар Жаркешов өндірісте сапаны бақылау процесі қалай жүзеге асырылатыны жөнінде ақпаратпен танысты. Халықаралық TÜV Rheinland аудиторы дайын өнім сапасының тәуелсіз бағалауын жасайды. Өнім сапа бақылауынан өткеннен соң, Атырауға жеткізіледі, кейін Қашағандағы ГӨЗ құрылыс алаңында құрылады.
НВР басшылығымен келіссөздер барысында тараптар құрал жабдықтың жеткізілу мерзімін талқылады. НВР жобалауын жасап, дайындап, 2023 жылдың соңына дейін құрал жабдықты ГӨЗ-ге жеткізіп берулері тиіс.
Айта кетейік, Қашағандағы ГӨЗ QazaqGaz ұлттық компаниясы мен еліміздің газ саласы үшін аса маңызды жобалардың бірі. QazaqGaz Газ өңдеу зауытының құрылысын NCOC компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып жатыр.
Естеріңізге салайық, 2022 жылдың тамызында қуаты 1 млрд текше метрді құрайтын Қашағандағы газ өңдеу қауытының жобасы «QazaqGaz» ҰК» АҚ сенімді басқаруына берілді. Нысанды ұлттық компанияға өткізу кезінде сол кездегі бас мердігердің кесірінен барлық жұмыстар тоқтап тұрған еді.