«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Атырау облысындағы Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылыс алаңындағы жұмыс барысын тексерді. Тексеріс жиынына компания мамандары, сондай-ақ мердігерлер – «Kazakh Construction Group» ЖШС және «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы да қатысты.
Мердігерлер құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы баяндап, ағымдағы жылдың соңына дейін жобаның негізгі кезеңдерін орындау нәтижесі туралы баяндады.
Әлібек Жамауов жаңа жылда ресурстарды жұмылдыру бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ құрылыс қарқынын одан әрі жеделдету қажеттігін атап өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуы қатаң бақылауда екенін айта келе, өндірістік процестерді оңтайландыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, оның ішінде түнгі ауысымға ерекше назар аударылады.
Ақпарат:
Бүгінгі таңда құрылыс алаңында 1700-ден маман жұмыс істеуде. Түнгі ауысымда 140-қа жуық жұмысшы жұмылдырылған. 346 құрылыс техникасы жұмыс істеп тұр. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Әсіресе түнгі ауысымдағы қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауда.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы:
✅ Іргетас жұмыстары, металл конструкцияларын, алаңдарды, технологиялық конструкцияларды монтаждау жалғасуда;
✅ Өрт сөндіру құбыр желісін монтаждау, қалақтарды құру және іргетастарды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, сыртқы инженерлік желілер бойынша (НВК-2) топырақты қайта толтыру және шығару жұмыстары орындалып жатыр;
✅ РВС-5000 резервуарларын жинау, дәнекерлеу және бояу жұмыстары жүргізілуде;
Металл конструкцияларды титулдар мен эстакадаларда орнату және бояу жұмыстары жалғасуда;
✅ Вахта қалашығы аумағында кабель желілерін жүргізу, электр жабдықтарын монтаждау, траншеялар қазу, құдықтар қазу және кәріз ПЭ-түтіктерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде;
✅ 20-шы резервуарда гидравликалық сынақтар аяқталды.
Жұмыстың негізгі түрлері бойынша көрсеткіштер:
Іргетастарды орнату бойынша бетон жұмыстары: 57 880 м³ (прогресс 76,3%)
Металл конструкцияларының монтажы: 8 205 тонн (40,7%)
Механикалық құрал-жабдықтың монтажы: 4 547 тонн (46,6%)
Резервуарларды монтаждау: 1 863 тонн (92,6%)
Жерасты құбырларын жүргізу: 24 425 м (50,0%)
"QazaqGaz" ҰК " АҚ құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асыруды кешенді бақылауды жалғастыруда.
Cонымен қатар, іссапар барысында Әлібек Жамауов сұйытылған мұнай газын тиеу, ауыстырып тиеу және фракциялайтын зауыт құрылысымен танысты. Құрылыс алаңындағы ағымдағы жұмыстар, объектіні пайдалануға беру бойынша алдағы жоспарлар талқыланды. Бүгінгі таңда жоба қарқынды іске асырылуда. Жуық арада іргетас пен құбырлар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру, подстанцияның монтаж жұмыстарын жасау мен зауыт қондырғыларын одан әрі құрастыруды және іске қосуды қамтамасыз ету үшін қалған жабдықты жеткізу жоспарланған.