2026 жылғы 5 сәуірде «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Атырау облысындағы Макат кентінде орналасқан «Надежда» жатақханасының жаңғыртылған ғимаратын аралап көрді.
1985 жылы салынған жатақхана ғимаратында кешенді жөндеу жұмыстары аяқталды. Жоба «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында және қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған IR-скрининг шаралары шеңберінде іске асырылды.
Жөндеу барысында сумен жабдықтау және кәріз жүйелері толықтай жаңартылып, жаңа сантехникалық құрылғылар орнатылды. Сонымен қатар жылыту жүйесі жаңғыртылып, үй-жайлардың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, электр жабдықтары мен жарықтандыру монтажы орындалды.
«Надежда» жатақханасы — «Орта Азия-Орталық» және «МСК» магистральдық газ құбырларына қызмет көрсететін жұмысшылардың тұратын маңызды нысаны.
Айта кетейік, газ тасымалдау желісін қауіпсіз пайдалану және қызметкерлердің тұруына арналған санитарлық-тұрмыстық нормалардың сақталуы үшін нысандарды уақытылы жаңғырту аса маңызды.