"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов NCOC басқарушы директоры Джанкарло Руюмен кездесу өткізді. Тараптар стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін растап, бірлескен жобалардың еліміз үшін маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында компаниялардың бірлесіп жүзеге асыратын негізгі бастамалары талқыланды: 

  • Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 1 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу; 
  • қуаттылығы жылына 2,5 млрд м3 болатын екінші ГӨЗ жобасы; 
  • сұйытылған мұнай газын коммерцияландыру. 

Ұлттық компания басшылығының айтуынша, жобаларды іске асыру қарқынын сақтау үшін жұмыс топтары күнделікті қарым-қатынасқа көшкен. 

Кездесу нәтижесінде тараптар барлық жобаларды табысты іске асыруға және серіктестіктің стратегиялық маңыздылығын сақтауға мүмкіндік беретін нәтижелі бірлескен жұмысты жалғастыруға ниет білдірді.