"QazaqGaz" ҰК " АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Ақмола облысын газдандыру жұмыстарымен және Астана агломерациясының барысымен танысты. Қосшы қаласында газ құбыры мен газ тарату желілерін салу бойынша ауқымды жобаны іске асыру жалғасуда. Құрылыс нәтижесінде 12 мыңнан астам тұрғын үй табиғи газбен қамтамасыз етіледі. 

Жоба 408 шақырымнан астам газ құбырларының құрылысын қамтиды. Сондай-ақ өнімділігі сағатына 32 800 м3 дейінгі газ реттеу пунктін (ГРП) және әртүрлі үлгідегі 43 шкафты реттеу пунктін (ШРП) орнату көзделген. 

Қосшы қаласын газдандыру үш кезеңге бөлінген. Бүгінгі таңда 2 км жоғары қысымды газ құбырын төсеу толығымен аяқталды, 29,8 км орташа қысымды газ құбыры салынды, 17 ШРП орнатылды, 367,9 км төмен қысымды газ құбырының 122,1 км орындалды. Құрылысқа 92 маман мен 27 арнайы техника жұмылдырылды. 

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен үш іске қосу кешені бойынша газды кезең-кезеңімен іске қосу туралы шешім қабылданды: 

I іске қосу кешені: 5 923 абонентті қамтиды; 

II іске қосу кешені: 4 144 абонентті қамтиды; 

III іске қосу кешені: 2 664 абонентті қамтиды. 

Іске қосу кешендерінің жұмысы басталған соң, қала тұрғындары тұрақты және экологиялық таза энергия көзіне ие болады. Халықтың өмір сүру сапасы жақсарады.

Қосшыны газдандыру - Ақмола облысында және Астана агломерациясында газ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жүйелі бағдарламаның бөлігі. Жобаны іске асыру көмірді пайдалануды қысқартуға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. 2025 жылы Қоянды, Аққайың, Талапкер ауылдарын, сондай-ақ 16 мыңға жуық тұрғыны бар Ы.Алтынсарин ауылын газдандыру жоспарлануда.