ADIPEC халықаралық көрмесі аясында "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Ричард Хау және Қазақстандағы Shell концернінің аға вице-президенті және төрағасы Сюзан Куганмен кездесті.
Тараптар геологиялық барлау, газ өндіру және қайта өңдеуді қоса алғанда, газ саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
"Біз барлаудан бастап кен орындарын игеруге және өнеркәсіптік өндіру кезеңіне шығаруға дейін, соның ішінде қайта өңдеу мен өнімді одан әрі сатуды қоса алғанда, бастамалардың кең ауқымын бірлесіп қарастыруға дайынбыз. QazaqGaz және Shell арасындағы өзара іс – қимыл әлеуеті зор әрі біз ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікке сенеміз", - деп атап өтті QazaqGaz басшысы.
ADIPEC алаңындағы кездесу Қазақстанның газ секторын дамытуға, оның технологиялық деңгейін арттыруға және энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарды іске асыруға үлес қосуға бағытталған QazaqGaz және Shell арасындағы әріптестікті нығайтудағы кезекті қадам болды.