"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Sinopec Engineering Group бас директорының орынбасары Сунь Баопинмен кездесу өткізді. 

Тараптар қазіргі өзара іс-қимылды және инженерлік-техникалық саладағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Sinopec өкілдері компания қызметінің халықаралық бағыттағы жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті. Келіссөздер одан әрі серіктестік, өндірістік және технологиялық байланыстарды нығайту мәселелері бойынша пікір алмасуды да қамтыды.

Кездесу QazaqGaz және негізгі шетелдік әріптестер арасындағы тұрақты диалогтың бір бөлігі болды