Алматыда CNPC, PetroChina, "Түрікменгаз", "Узтрансгаз" және "QazaqGaz" ҰК" АҚ және өңірдің өзге де негізгі энергетикалық компанияларының 90–нан астам өкілін жинаған "Түрікменстан–Өзбекстан–Қазақстан-Қытай" газ құбырын пайдалану жөніндегі Үйлестіру комитетінің 33-ші отырысы өтті.
QazaqGaz басқарма төрағасы Әлібек Жамауов құбырдың Орталық Азия елдері мен Қытай үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ол аталған жобаның өңірлік ынтымақтастық пен энергетикалық қауіпсіздікті нығайтатынын, ал отырыс қорытындысы бірлескен жұмысқа жаңа серпін беретінін және болашақ ынтымақтастық үшін берік негіз болатынын баса айтты.
Отырыс барысында тараптар газ тасымалдау, компрессорлық станцияларды жаңғырту, сондай-ақ басқарудың зияткерлік жүйесін енгізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында мұнай-газ құбырлары бойынша сараптама комитетін құру жобасы таныстырылды.
Отырыс қорытынды хаттамаға қол қоюмен және мұндай басқосуды келесі ұйымдастырушыға ту табыстаудың салтанатты рәсімімен аяқталды. Үйлестіру комитетінің келесі кездесуі Қытайда өтеді.