2025 жылдың 8-10 сәуірі аралығында Бейжіңде 8-ші Қытай халықаралық конференциясы мен технологиялық жабдықтар және жетістіктер көрмесі (CIPC-2025) өтті. Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC), Қытайдың мұнай мен газды сақтау және тасымалдау комитеті ұйымдастырған форумға әлемнің 30-дан астам елінен келген 500-ден астам компания мен делегация өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында QazaqGaz Ұлттық компаниясы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов пен TAPLine Бас директорының орынбасары Чжан Пэн арасында жұмыс кездесуі өтті, оның барысында ғылыми-техникалық даму, операциялық тиімділікті арттыру мәселелері және трансұлттық ынтымақтастықтың жұмыс аспектілері талқыланды.

Бұдан бөлек, «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының орынбасары Талғат Есендияров конференцияда магистральдық газ құбырының инфрақұрылымын жаңғырту тәсілдері, оның ішінде тікелей бақылау мониторингі жүйелері, энергия үнемдеу және құбыр трассасының күрделі учаскелерінде пайдалану сенімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтты. Компания өкілдері, сонымен қатар, қытайлық серіктестермен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізіп, Техникалық стандарттау және шешімдерді оқшаулау мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

«QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС техникалық саясатты дамыту және стандарттау департаментінің директоры Ғазиз Исаев жеке баяндама жасады. Оның «Қазақстанның Техникалық реттеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету саласындағы тәжірибесі» атты презентациясы қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Сонымен қатар, Қазақстандағы газ тасымалдау жүйесінің дамуы туралы QazaqGaz өндірістік-техникалық департаментінің бас менеджері Батырхан Қауылбаев айтып берді.

Қазақстандық делегация өкілдері ұсынған баяндамаларға ерекше назар аударылды. «Азия газ құбыры» ЖШС атынан Ян Цзиньвэй цифрлық трансформация туралы баяндама жасап, QazaqGaz стратегиясы шеңберінде өндірістік процестерді оңтайландыру, ІТ-орталықты дамыту және цифрландыруды жеделдету жұмыстарының жүріп жатқанын атап өтті.

Бейжіңдегі іс-шараның ажырамас бөлігіне айналған Халықаралық көрме экспозициясында жетекші әлемдік өндірушілер автоматтандыру, цифрлық мониторинг, энергия үнемдеу және құбыр жүйелерінің қауіпсіздігі саласындағы шешімдерін көпшілікке ұсынды.

QazaqGaz, «Азия газ құбыры» және «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» компанияларының CIPC-2025 көрмесіне қатысуы Қазақстанның технологиялық әлеуетін, оның жаһандық энергетикалықархитектурадағы өсіп келе жатқан рөлін және құбыр салу саласында үздік халықаралықтәжірибелерді енгізуге ұмтылысын көрсетеді.