Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту атмосфераға шығарындыларды азайтып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартады. Үкімет тапсырмасын орындау аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тиісті меморандумға қол қойды.  

Қол қойылған құжатқа сәйкес, ұлттық компания 2023 жылдың 2 тоқсанында үш автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясын салуды жоспарлап, сығымдалған табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етуді көздейді. Алматы әкімдігі өз тарапынан автобус паркін 1200 бірлікке дейін кеңейтеді деп күтілуде.

Сығымдалған табиғи газды дизельдік отынның басты бәсекелесі деп жатады. АҚШ, Қытай, Италия мен басқа да елдердің қоғамдық көлігі мен арнайы техникасы тек аталған отын түрімен жүреді. Сығымдалған табиғи газдың басты артықшылығы тек оның экологиялық тазалығында ғана емес, сондай-ақ, оның тиімділігінде. СТГ дизельді отынға қарағанда екі есе арзан.

«QazaqGaz басқа қалалардың Әкімдігімен среіктестік орнатуды да көздейді. Біз өз тарапымыздан газ моторлы отынды пайдаланып, қоғамдық көлікті дизельден экологиялық таза отын – сығымдалған табиғи газға көшіруге қолдау білдіреміз»,-деді компания басшысы Санжар Жаркешов.

Қала ауа сапасын жақсарту үшін энергетикалық кешен мен газбен жабдықтауды дамыту туралы да келісім жасалды.