«QazaqGaz» ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және PIH-тің қазынашылық басшысы Джордж Баракат Citibank басшылығымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту, соның ішінде Қазақстандағы катарлық инвесторлармен бірлескен жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсету мақсатында стратегиялық тұрғыда маңызды кездесу өткізді.
Келіссөздерге Citibank CEEMEA аймағының ЕСМ жетекшісі Иван Старцевич, инфрақұрылымдық қаржыландыру бойынша директоры Кевин Ферран, аймақтағы экспорт және қаржы бойынша директоры Хавьер Эспиаго және т.б. қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыптары QazaqGaz-дың өсу стратегиясы, компанияның дамуындағы қаржы нарықтарының рөлі, сондай-ақ, Қазақстандағы катарлық инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылатын ірі жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін қамтыды.
Тараптар энергетика саласындағы негізгі жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру инструменттері мен инвестициялық шешімдерді талқылады. Citibank бұл жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.