QazaqGaz командасы Астанада осымен алтыншы рет өткен мемлекеттік органдар мен мұнай-газ саласы компанияларының командалары арасындағы жыл сайынғы Elorda cup – 2026 шағын футбол турнирінде екінші орын алды.
Shell Kazakhstan ұйымдастырған биылғы жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен 250-ден астам әуесқой футболшы және 21 команда қатысты.
QazaqGaz футболшылары командалық үйлесімді ерік-жігер мен спорттық намысын жани отырып, турнирді сенімді өткізді. Финалдық матчта AVC Group футболшыларына ғана есе жіберіп, жарыстың күміс медалін иеленді.
QazaqGaz командасының ойыншысы Досхан Кабенов жарыстың үздік сұрмергені атанды.
Жарыс соңынан QazaqGaz басшылығы атынан команда мүшелерін аппарат басшысы Берік Ермаханов қабылдады. Ол футболшыларды биік нәтижемен құттықтап, командалық рухты, корпоративтік мәдениетті дамыту және салауатты өмір салтын қолдау үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
ELORDA CUP – 2026 турнирінің әлеуметтік миссиясы да ерекше. Биылғы турнир қатысушыларды өзара көмек, әлеуметтік жауапкершілік және инклюзия құндылықтары төңірегінде біріктіре отырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналды.
QazaqGaz командасын биікке жеткізген әріптестерімізді Elorda CUP-2026 жарысындағы жетістігімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!