2–3 қазанда “QazaqGaz” ҰК” АҚ алғашқы ғылыми-технологиялық сессиясы өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, “Самұрық-Қазына” АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан, “QazaqGaz” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов қатысты. 

Хакатон “QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы” ЖШС ықпал етуімен ұйымдастырылды. Айта кетейік, орталық QazaqGaz компаниялар тобы инжинирингтік кәсіпорындар, технологиялық стартаптар, сондай-ақ, ғылыми ұйымдар мен еліміздің университеттері - Назарбаев университеті, Азаматтық авиация Академиясы, Астананың ұлттық лабораториясы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясымен байланыс орнату үшін стратегиялық алаң болып отыр. 

Басты мақсат - газ саласына инновациялық жаңашылдықтар мен ұтымды шешімдер енгізу.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанның газ саласы жаңа тәуекелдер алдында тұрғанын айтты. “Газ саласына заманауи технологиялық шешімдер қажет. Сала ғылым жүйесіне сүйеніп дамуы керек. Бүгінгі сессияның басты мақсаты - ықтимал тәуекелдерді талқылап қана қоймай, газ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ғылыми-инновациялық жобаларды анықтап, өндіріске енгізу”,-деді министр. 

Хакатонға “Самұрық-Қазына” АҚ басқарушы директоры Салтанат Сәтжан қатысты. 

“Біздің ғылыми-техникалық саясат ұзақмерзімді тұрақтылықты әрі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жердегі мақсат -  бір жолғы жоспарлар емес, компаниялар, университеттер мен зерттеу орталықтары бірлесіп жұмыс істейтін ауқымды экожүйе құру”,-деді ол.  

“QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов компанияда біртұтас ғылыми-техникалық жүйенің құрылып жатқанын айтты. Бұл процесс барлық циклды қамтиды. Атап айтсақ, өндірістік проблеманы анықтаудан бастап, олардың ауқымын кеңейтіп, шешімдерді коммерцияландыруға дейінгі цикл. 

«Бизнес процесстерді цифрландыру және трансформациялауға сәйкес, ҒТО базасында QazaqGaz еншілес компанияларына арналған 

AI көмегімен жаңа технологиялар мен инновацияларды іздеу, тестілеу және енгізу үшін цифрлық платформаны әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Бұл жаһандық технологиялар трансфертіне қосымша серпін береді және отандық технологияның авторлық құқық иелеріне қолдау көрсетеді”-деді ол.

Хакатонға 100-ден астам адам қатысты. Олар QazaqGaz кәсіпорындары күн тәртібіне шығарған келесідей 19 технологиялық шешімдермен жұмыс істеді. 

• газ тасымалдау кәсіпорындарының жұмысына ЖИ тәжірибесін енгізу;

• ESG-технологиялар мен тұрақты даму; 

• газ тасымалдау инфрақұрылымының тиімділігін арттыру; газды барлау мен өндірудің тиімділігін арттыру; 

• жерасты газ қоймаларының ресурстық базасын кеңейту және оптимизациялау.

Сессия қорытындысы бойынша компанияға қарасты кәсіпорындарда енгізуге ұсынылатын дайын ғылыми-технологиялық шешімдердің пулы қалыптасты.