"QazaqGaz" ҰК" АҚ бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес газ тасымалдау жүйесі объектілерін 2026-2027 ж.ж., күзгі-қысқы кезеңіне дайындау жұмыстарын жалғастыруда.

Басқарма төрағасының өндіріс бойынша орынбасары Абзал Қисметовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте еншілес және тәуелді ұйымдар басшыларының алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы есептері тыңдалды.

Объектілерді жылыту маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру өткен жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталып кетті. Бүгінгі күні барлық жұмыстар жоспарлы режимде және кестеге сәйкес орындалуда.

Дайындық шеңберінде жабдықтарды диагностикалауды, күрделі және ағымдағы жөндеулерді, мамандандырылған техниканы дайындауды, сондай-ақ материалдар мен жинақтауыштардың қажетті қорын қалыптастыруды қоса алғанда, магистральдық және газ тарату инфрақұрылымы объектілерінде жоспарлы, алдын алу және жөндеу жұмыстары орындалады.

Кеңес барысында өндірістік қауіпсіздік, персонал мен техниканың қысқы жағдайларда жұмысқа дайындығы, қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мердігер ұйымдардың HSE талаптарын сақтауы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін газды жерасты газ қоймаларына айдау жүргізілуде. Сондай-ақ апаттарды төмендету, газдың әлсіз қысымының себептерін жою және тұтынушыларды газбен жабдықтау сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда.

Кеңес қорытындысы бойынша жөндеу және диагностикалық жұмыстарды уақтылы аяқтау, газ инфрақұрылымы объектілерінің жылыту маусымын жайлы өтуге дайындығын қамтамасыз ету және өндірістік қауіпсіздік саласындағы бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

QazaqGaz алдағы күзгі-қысқы кезеңде газ тасымалдау жүйесі объектілерінің апатсыз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.