Астана – «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов және Аджип Каспиан Си Б.В. Төрағасы және Басқарушы директоры Сегер Хойтинк Каменковский жер қойнауы учаскесінің көмірсутек әлеуетін бағалау бойынша бірлесіп зерттеу туралы келісімге қол қойды. Басты мақсаты – Каменковский учаскесінде көмірсутегілердің бар-жоғын анықтау үшін жер қойнауын зерттеу жобасына үлестік қатысудың инвестициялық мүмкіндігін анықтау. Бұл ынтымақтастық Мемлекет басшысының тапсырмасына және «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның газ ресурстары қорын кеңейту жөніндегі стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады. 


Каменковский учаскесі Каспий маңы шөгінді бассейнінің Солтүстік борттық аймағында орналасқан, тиісінше газ және газ конденсаты кен орындарын ашудың ауқымды перспективалары бар. Бұған дейін бұл аймақта Қарашығанақ, Чинаревское, Рожковское және т. б. кен орындары ашылған. 


Бірлесіп зерттеу туралы келісім Каменковский учаскесінің көмірсутек әлеуеті мен коммерциялық перспективасын бағалауға техникалық негіз болатын кешенді геологиялық және геофизикалық зерттеулер жүргізуді көздейді.