"QazaqGaz" ҰК " АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен Dragon Oil компаниясының Бас атқарушы директоры Әли әл-Жарван ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Келісім Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында жасалды. Қол қойылған құжат Қазақстанда жаңа газ кен орындарын игеру және жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Меморандум шеңберінде тараптар одан әрі ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді зерделеуді, сондай-ақ экономикалық және инвестициялық әріптестікті күшейтуді жоспарлап отыр. Анықтама: Dragon Oil – Emirates National Oil Company компаниялар тобына кіретін Халықаралық Мұнай-газ компаниясы. Dragon Oil Таяу Шығыста, Солтүстік Африкада және Каспий аймағында газ және мұнай өндіреді. Компанияның портфолиосындағы негізгі активтерге Түрікменстанның қайраңындағы Челекен келісімшарттық аумағы, Египеттегі жаңадан сатып алынған gupco активтері және Ирактағы 9-Блок кіреді. Дөңгелек үстелді "Kazakh Invest"ҰК ұйымдастырды.