Тараптар Қазақстандағы газ саласын реформалау аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлық газ бағасының формуласын өзгерту жөніндегі ұсынысқа қызығушылығы атап өтілді. Санжар Жаркешов экономикалық орындылық қағидаты бойынша инвесторлармен жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Оның айтуынша, мұндай тәсіл инвестицияларды тартып қана қоймай, елдің ішкі нарығын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Qazaqgaz және Eni Қашағандағы МӨЗ құрылысы аясындағы ынтымақтастықтың ықтимал перспективаларын талқылады.
Анықтама: Eni-ең ірі итальяндық мұнай-газ компаниясы. Eni компаниясы Қазақстанда 1992 жылдан бері бар. Негізгі қызмет Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнында және Солтүстік Каспийдің таяз сулары жағдайында Солтүстік Каспий ӨБК кен орнында жүзеге асырылады.