Астана- «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар бойынша орынбасары Ұлан Бүркітов және «ҚазАзот» АҚ бас директоры Арман Мәулешов Ақтөбе облысында орналасқан перспективалы Северный-2 учаскесін бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойды. Северный-2 учаскесі Үстірт-Бозащы шөгінді бассейнінің газды аумағында орналасқан. Тиісінше, өңірде газ және газ конденсатты кен орындарын ашудың үлкен перспективасы бар.

Аталған серіктестік Мемлекет басшысының тапсырмасы мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ еліміздің газ ресурсын арттыруға қатысты стратегиясы аясында жұзеге асырылуда.

Айта кетейік, QazaqGaz тұрақты түрде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатында еліміздің шөгінді бассейндеріне сараптама жұмыстарын жүргізіп тұрады. Ұлттық компания отандық және шетелдік компаниялармен аталған бағытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын.