Келісім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында жасалды.
Қол қойылған құжат Қазақстан Республикасында жаңа газ кен орындарын бірлесіп игеру, жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында, сондай-ақ газ өңдеу зауыттарын салу шеңберінде ынтымақтастыққа бағытталған.
Тараптар Меморандум Қазақстандағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігі болады және тығыз коммерциялық байланыстарды дамыту үшін негіз жасайды, сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ-нің екіжақты инвестициялары мен технологиялық алмасу көлемін ұлғайтуға ықпал етеді деп сенеді.