«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов QatarEnergy LNG Бас директоры Халид Бин Халифа Әл-Танимен кездесті. Тараптар газ саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Оның ішінде, компаниялар Қазақстанда газ өңдеу, газ химиясы, сонымен қатар, сығымдалған табиғи газ (CNG) бен сұйытылған табиғи газ (LNG) жобаларын бірлесіп іске асыру мүмкіндігін қарастырады.
«Біз газ саласында QatarEnergy LNG-мен ынтымақтастық жасасудың болашағы зор екенін көріп отырмыз және осы саладағы әлеуетті тиімді пайдалануға дайын екенімізді білдіреміз. Біздің компаниялар арасындағы әріптестік энергетика саласында жаңа жобалардың пайда болуына ықпал етеді», - деп атап өтті Санжар Жаркешов.
Сонымен қатар, компания өкілдері QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығының жұмысы аясында инвестиция тарту, сондай-ақ технологиялар мен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Анықтама ретінде:
QatarEnergy LNG – өзінің жеті кәсіпорнында СТГ өндіретін әлемдегі ең ірі компания.
Компания жыл сайын бүкіл әлем бойынша 77 миллион тонна СТГ өндіреді және жеткізеді.