"QazaqGaz" ҰК " АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Kolon Corporation вице-президенті Бенгквон Мунмен (Byungkweon Мoon) кездесу  өткізді. Тараптар газ-моторлы инфрақұрылым саласындағы әріптестікті дамытуды және Қазақстанда экологиялық отын түрлеріне көшу мәселесін талқылады.

Бірлескен кәсіпорын арқылы Qazaqgaz және Kolon Corporation Алматыда тәулігіне 850 автобусты сығымдалған табиғи газбен қамтамасыз ететін бес Автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясын (АГНКС) пайдаланады. Станциялар әртүрлі кәсіпорындардың көлігін газбен қамтамасыз етеді және елдің ең ірі қаласында шығарындыларды азайтуға ықпал етеді.

Кездесу аясында ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қарастырылды, соның ішінде:

* қолданыстағы АГНКС-ді жаңғырту;

* Kolon корпорациясының Қазақстандағы бірлескен инфрақұрылымдық жобаларға қатысуы;

* елімізде жаңа станциялар салу мүмкіндігі.

Серіктестікті кеңейту Қазақстанның газ мотор нарығын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Айта кетейік, 2010 жылдан бастап QazaqGaz "АвтоГазАлматы" ЖШС бірлескен кәсіпорныаясында Kolon Corporation компаниясымен тығыз қарым-қатынасты жүзеге асыруда.