Құжатқа сәйкес, тараптар Орынбор газ өңдеу зауытындағы қазақстандық газдың өңдеу көлемін арттырады.
Аталған шара ішкі нарыққа тауарлық газ көлемін жеткізуді жылына 1,7 млрд м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл қазақстандық тарапқа сұйық көмірсутек өндірісін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, «ҚазРосГаз» ЖШС және «Газпром переработка» ЖШҚ арасында 2022-2023 жылдары қазақстандық газды өңдеу бойынша келісім-шарт жасалды. Жекелей алсақ, 2022 жылы бұрын жоспарланған 8,1 млрд м3 көлемге қосымша 0,57 млрд м3, 2023 жылы - 2022 жылдың бастапқы деңгейіне қосымша 1,23 млрд м3 газды өңдеу көзделген.