«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Атырау облысындағы Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында көшпелі кеңес өткізді. Жиналысқа компания мамандары мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында мердігерлер жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы мен жұмыстың жыл соңына дейін қол жеткізетін негізгі бағыттары туралы есеп берді.
Басқарма төрағасы құрылыс қарқынын одан әрі жеделдету қажеттігін атап өтті. Ол құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуын бақылауды күшейтуді, өндірістік процестерді оңтайландыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын, әсіресе түнгі уақытта қатаң сақтауға баса назар аударды.
Алаңда іргетас жұмыстары, металл конструкциялары мен технологиялық жабдықтарды монтаждау, қызмет көрсету алаңдарының жұмыстары жалғасуда. Вахталық қалашықтың аумағында сылау және қасбеттерін қаптау жұмыстары, сондай-ақ ішкі жайластыру жұмыстары жүргізілуде.
Сапар барысында Әлібек Жамауов өңірдегі "Eskene LPG" ЖШС Қашаған сұйытылған мұнай газын алу, ауыстырып тиеу және фракциялау зауытының құрылыс алаңына барды. Ұлттық компанияның төрағасы құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы, оның ішінде іргетастарды орнату және негізгі жабдықтарды монтаждау туралы есепті тыңдады.
"QazaqGaz "ҰК" АҚ басшылығы құрылыс мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ барлық кезеңдерде белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобалардың іске асырылуын кешенді бақылауды жалғастыруда.