«QazaqGaz» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Серікқали Брекешевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында газ саласын ілгерілетудің өзекті мәселелері, сондай-ақ QazaqGaz және KAZENERGY арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары қаралды. Тараптар Қазақстанның энергетикалық секторын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға бағытталған ұлттық компания мен салалық қоғамдастықтың күш-жігерін шоғырландыру мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды және газ саласын дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік расталды.

KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешендерінің өкілдерін біріктіретін, бизнестің, мемлекеттік органдардың және сараптамалық қоғамдастықтың өзара іс-қимылы үшін тиімді Қазақстанның ірі салалық қауымдастығы болып табылады.