Құрметті әріптестер!
«QazaqGaz» ҰК» АҚ үшін қызметкердің өмірі мен денсаулығынан артық құндылық жоқ. Ең басты осы құндылықты сақтау жолында күнделікті еңбек етіп келеміз. Барлық шешімдерімізде «адам өмірі мен денсаулығын сақтау» деген принципке сүйенеміз.
Еңбек қауіпсіздігі – біз үшін құр сөз емес. Бұл – тұрақты басқарудың базалық элементі. Біз еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздік жүйесін сатылай жетілдіріп келеміз. Қауіпсіз жұмыс орындарын құрып, құрал-жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаймыз. Өз уақытында тәуекелдерді басқарып, қызметкерлердің біліктіліктерін жетілдіреміз. Сонымен қатар, жұмысшыларды қауіптен қорғайтын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеміз.
Басты назарды тұрақты қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бұрып отырмыз. Біз қағаздағы «құрғақ» есеп емес, жеке бастың жауапкершілігін алға қоямыз. Ашық диалог пен өңірлердегі басшылардың көшбасшылық қасиеттерінің болуы – қауіпсіздік мәдениетін дамытуға сеп болады.
Лауазымына қарамастан әрбір қызметкер орындауға міндетті:
еңбек қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз орындап, үлгі көрсету арқылы ережелердің бұзылуына төзбеушілік танытуы қажет;
бекітілген қауіпсіздік нормаларын қатаң түрде орындап, әріптестерінен де олардың сақталуын талап етуі тиіс;
тәуекелдерді алдын-ала бағалап алу қажет. Жұмыс орнының қауіпсіз екендігін тексеріп алмай, жұмысқа кіріспеу қажет;
адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, жедел түрде жұмысты тоқтату керек;
адам өміріне немесе қоршаған ортаға төнген қауіпті сезсе, ақпаратты жедел түрде басшылыққа жеткізу керек.
Ерекше атап өтетін жайт: барлық деңгейдегі басшылар өздеріне сеніп тапсырылған объектілердегі еңбек қауіпсіздігіне жеке басымен жауап береді.
Әрбір қызметкер денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сезсе, жұмысты тоқтатуға құқығы бар. Мұндай әрекет үшін қызметкер жазаланбайды. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолға алынған шешімдерді өз басым қолдаймын.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздың жеке жауапкершілігіміз. Бұл мәселеге салғырт қарауға болмайды. Қауіпсіздік мәселесі барлық компаниялар тобы жұмысының басты негізі болып табылады.