Мақсұт Хакім «QazaqGaz» ҰК» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі Басқарушы директор, Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

Мақсұт Хакім Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде «Мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша жоғары білім алды. АҚШ-тың Хьюстон университетінде «Master of Business Administration» дәрежесін алған.

Жұмыс тәжірибесін Chevron (Хьюстон қ., АҚШ) компаниясында бастаған. AGIP KKo (Лондон қ., Ұлыбритания), Total (Париж қ., Франция) халықаралық мұнай-газ компанияларында және «Қазақстан-Қытай Құбыр желісі» ЖШС-да үлкен техникалық жұмыс тәжірибесі бар.

«ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазҚұрылысСервис» АҚ және «Лукойл ЛЦА» ЖШС компанияларында 18 жылдан астам мұнай-газ индустриясындағы жалпы еңбек өтілімен елеулі өндірістік тәжірибеге ие болды.

2019-2021 жылдар аралығында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директордың кеңесшісі қызметін атқарған.