Осы шешіммен Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебай өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері, «Самұрық - Қазына» АҚ мүдделерінің өкілдері болып Ернат Бердіғұлов (өмірбаяны) пен Николай Казутин (өмірбаяны) сайланды.
Ернат Бердіғұлов «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады: Е.К. Бердіғұлов, Н.Ю. Казутин, А.А. Нұрғазиев, С.Ж. Жаманбалин.