Алмас Қуандықов Атырау облысының тумасы. Жоғары білімді Талса университетінде (АҚШ) алған, инженер-мұнайшы болып табылады. ExxonMobil және Shlumberger-де біліктілікті арттыру бойынша бірқатар тағылымдамалар мен курстардан өтті.

Еңбек жолын 2010 жылы Норвегиядағы Statoil компаниясында әзірлеуші инженер лауазымынан бастады, содан кейін ExxonMobil халықаралық компаниясында (Хьюстон қ., АҚШ) әзірлеуші инженер лауазымында жұмыс істеді. 2013 жылы Қазақстанға оралғаннан кейін Қашаған жобасында Норт Каспиан Оперейтинг Компани (NCOC) компаниясында әртүрлі лауазымдарда, инженер-әзірлеуші, техникалық және бизнес мәселелері бойынша жетекші инженер, күкірт экспорты бойынша үйлестіруші болып жұмысын жалғастырды.

2019 жылдан бастап 2022 жылды қоса алғандағы кезеңде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да Ірі жобаларды бағыттау бойынша Операциялық емес өндіруші активтер департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс жасады. Соңғы екі жылда Қашаған мен Қарашығанақ жобаларына жетекшілік етті.