«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып министрліктерде, мемлекеттік қаржы ұйымдарында және ведомстволарда елеулі жұмыс тәжірибесі бар Мұқай Ерлан Баққожаұлы тағайындалды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде, квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ халықаралық мұнай-газ компанияларында жұмыс істей отырып, қаржы және маркетинг мәселелерінде инновациялық әдістер мен жаңа тәсілдерді қолданды. Shell халықаралық компаниясында (Гаага қ., Нидерланды) қаржы директоры лауазымын, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, басқа квазимемлекеттік және жеке компаниялардағы басшылық лауазымдарды атқарды.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс және маркетинг жөніндегі орынбасары болып Мейірбек Оқасұлы Ихсанов тағайындалды. Оның халықаралық компанияларда өндірістік және басқарушылық тәжірибесі бар, 9 елде ірі жобаларды іске асыруға қатысты. Тағайындалғанға дейін Кувейт, Катар, Египет, Ресей Федерациясындағы, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Орта Азиядағы «Schlumberger» халықаралық компаниясының халықаралық компаниясының жаңа технологиялар маркетингі және сату жөніндегі өңірлік директоры болып жұмыс істеді. «Schlumberger» компаниясының бас офисінде (Париж қ., Франция) Management Development толық бағдарламасынын өтті.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып Ақан Айдын Мұхитұлы тағайындалды. Оның «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және т.б. ұлттық компанияларда айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар, онда өндірістік кәсіпорындардың қаржы-экономикалық блогын басқаруға белсенді қатысқан. «Қаржы математикасы» мамандығы бойынша King's College London-нан магистр дәрежесіне ие, сондай-ақ University of Wales Institute-тен MBA дәрежесіне ие.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының стратегия және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары лауазымына ҚР газ тасымалдау саласында 20 жыл жұмыс өтілі бар Арман Ғинаятұлы Қасенов тағайындалды. Әр жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобында басшылық қызметтерді атқарды, атап айтқанда «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-ні басқарды, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының орынбасары болды, қаржы, маркетинг және корпоративтік даму мәселелеріне жетекшілік етті. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.  

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады: Басқарма Төрағасы Жаркешов С.С.; Басқарма мүшелері - Мұқай Е.Б., Ихсанов М.У., Ақан А.М., Қасенов А.Ғ.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-да Басқарма ұлттық компанияның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады, сондай-ақ акционер мен Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді. 

Бұдан бұрын қабылданған шешімге сәйкес «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма мүшелері Рустам Сулейманов, Тайыр Жанұзақ, Бекзат Абайылданов, Руслан Абдуллин, Азамат Майтиевтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.