«QazaqGaz» ҰК» АҚ кеңсесінде еларалық есептілікті (CbCR) дайындаудың практикалық мәселелері мен онымен байланысты салық тәуекелдеріне арналған «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының қызметкерлеріне арналған корпоративтік семинар өтті. 

Семинар «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қазақстан Республикасының салық консультанттары палатасы арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақстандық заңнаманың еларалық есептілікке қойылатын талаптарын, CbCR құрылымы мен негізгі көрсеткіштерін, сондай-ақ деректерді жинау, тексеру және шоғырландыру тәртібін қарастырды. Есептілікті дайындау мен ұсынудың практикалық мәселелеріне жеке тоқталды. Сондай-ақ, деректердің сапасы мен салыстырмалылығына қойылатын талаптар, компания бөлімшелері арасындағы өзара әрекеттесу және CbCR құрудағы типтік қателер талқыланды. 

Семинар барысында еларалық есептілікті дайындау кезінде туындайтын ықтимал салық тәуекелдері және оларды барынша азайту тәсілдері қарастырылды. Практикалық формат қатысушыларға CbCR дайындау процесінде туындайтын мәселелерді талдауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. 

Семинар портфельдік компаниялар қызметкерлерінің салықтық сараптамасы мен кәсіби құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ қор компаниялары арасында  салықтық есептілікке және салықтық тәуекелдерді басқаруға бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ жүйелі жұмысын көрсеткен нақты шараға айналды.