"QazaqGaz" ҰК "АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов 30-шы халықаралық KIOGE 2026 көрмесі мен конференциясының алаңында "Эксон Мобил Қазақстан Инк." Басқарушы директоры Кенан Нариманмен кездесті. Тараптар ағымдағы ынтымақтастықты және оны одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанның мұнай-газ инфрақұрылымы мен газ саласын дамытуға байланысты мәселелерді талқылады. Көмірсутектерді барлау және өндіру саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, перспективалы жобаларды іске асыру, халықаралық тәжірибе алмасу, сондай-ақ заманауи технологиялық шешімдер мен үздік салалық тәжірибелерді қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Кездесу барысында QazaqGaz және ExxonMobil арасындағы серіктестікті одан әрі дамытудың маңыздылығы компанияның халықаралық тәжірибесі мен Қазақстанның мұнай-газ саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру әлеуетін ескере отырып атап өтілді.